Көлік қызметкерлері күніне арналған тимбилдинг

Көлік қызметкерлері күні – «Қазыкурт-Юг» ЖШС қызметкерлері үшін ерекше мереке.

Дәстүр бойынша көлік қызметкерлері күніне орай басшылық үздік қызметкерлерді алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапаттайды. Қиындықтарға қарамастан, әр қызметкер еңбекқорлығын, адалдығын және кәсіби тәжірибесін көрсетті.

Көлік қызметкерлері күнін мерекелеу аясында «Қазыкурт-Юг» ЖШС жыл сайын тимбилдинг өткізеді. Тимбилдинг – бұл ұжым ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға, қызметкерлердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға және жұмыс мотивациясын арттыруға бағытталған корпоративтік іс-шара.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз