Біз туралы
«Казыкурт-Юг» ЖШС - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – «Қазыкурт жуу-пропарка станциясының» құқықтық мирасқоры болып табылады.
Серіктестік 2007 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220–I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешіміне және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы №24–Ц бұйрығына сәйкес құрылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ арасындағы 2012 жылғы 30 мамырдағы қабылдау-тапсыру актісіне және «Қазтеміртранс» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті С.Елюбаевтың 2012 жылғы 13 маусымдағы №НП-1862 хатына сәйкес, 2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін Серіктестік «Қазтеміртранс» АҚ-ның еншілес ұйымы болды. 2014 жылғы қарашадан бастап Серіктестік «Petroleum» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып табылады.
Компанияның миссиясы Теміржол цистерналарын дайындау және жөндеу бойынша жоғары сапалы қызметтерді тиімді ұсыну, қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология талаптарын қатаң сақтау арқылы жүзеге асыру.
Мақсаттар мен міндеттер
- Негізгі қызмет бағытын дамыту
- Кәсіби мамандар тобын қалыптастыру
- Озық IT-технологияларды енгізу
- Жеткізушілер және контрагенттермен тиімді өзара іс-қимыл
- СМЖ және бизнес-процестерді үздіксіз жетілдіру
- Мұнай өнімдерін құюға арналған цистерналарды 100% дайындауды қамтамасыз ету
- Қызметкерлерді ішкі және сыртқы курстарда оқыту
- Қызметкерлердің өздігінен білім алуына арналған материалдар кітапханасын құру
- IT-инфрақұрылымды талдау және жаңғырту
- Жаңа технологиялық шешімдерді енгізу
- СМЖ құжаттары мен бизнес-процестерін өзектендіру
- СМЖ бағыттарын ресурстармен қамтамасыз ету
Компания құндылықтары
- Кәсібилік
- Бедел
- Ашықтық
- Қауіпсіздік
- Топпен жұмыс істеу
- Адалдық
- Жеке тұлғаға құрмет
- Тұтынушылар мүддесінің басымдығы
- Тиімділік
- Сапа
- Адалдық
- Дамуға ұмтылу
- Еңбекқорлық
- Нәтижеге жету қабілеті
- Бастамашылдық
- Ұйымшылдық
- Кәсібилік